Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы Сәуір айында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың балалардың өмір қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі, көшедегі және үйдегі қауіпсіз мінез-құлық туралы білімін арттыру болды. Кездесу барысында мамандар ата-аналарға: балалардың жолда жүру ережелерін сақтауын бақылау; үйдегі тұрмыстық қауіпсіздік (электр құралдары, газ, өткір заттар); интернеттегі қауіпсіздік және кибербуллингтің алдын алу; балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты түсіндірме берді. Сонымен қатар ата-аналарға қауіпсіз орта қалыптастыруда отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы айтылды. Ашық форматтағы талқылауда ата-аналар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Өткізілген іс-шара ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды
18.05.26г.Cocтоялся зачёт по предмету «Графика и проетирование» Учащиеся 10 «а» класса успешно защитили свои контрольные работы на тему «Мой дом» или «дом мечты» Ребята представили интересные проекты, проявив творческий подход, фантазию и хорошие знания в области проектирования. Молодцы! 18 мая, 2026
13 мамыр 2026 жылы «ALMATY COLLEGE ALT» колледждің өкілдері 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Өздерінің оқу орындары туралы таныстырып, мәлімет берді. Оқушылар қосымша сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алды. 13 мая, 2026
13 сәуір 2026 жылы «ALMATY MANAGEMENT COLLEGE» колледждің өкілдері 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Өздерінің оқу орындары туралы таныстырып, мәлімет берді. Оқушылар қосымша сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алды. Осы сенбіде болатын ашық есік күніне шақырып кетті 13 апреля, 2026